ШҚО тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болды
Шығыс Қазақстан облысында әйел адам несие рәсімдеуге көмек көрсету туралы интернеттегі хабарламаға сеніп, алаяққа ақша аударып жіберген. Уәде етілген қызмет көрсетілмеген соң, жәбірленуші полицияға жүгінген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды.
Полиция интернет-алаяқтықтың кең таралған қылмыс түрі екенін ескертеді. Алаяқтар жалған несиелерден бастап, жалған интернет-дүкендерге дейін түрлі тәсілдермен азаматтарды алдауға тырысады.
Осыған байланысты, тәртіп сақшылары азаматтарға бейтаныс адамдарға ақша аудармауға, ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеруге және несиені тек ресми қаржы ұйымдарында рәсімдеуге кеңес береді. Жеке және банк деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз.
Алаяқтық фактілеріне тап болған жағдайда, дереу полицияға хабарласыңыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі