ШҚО-да полиция уылдырық шашу кезеңінде балық қорын қорғауды күшейтуде

ШҚО-да полиция уылдырық шашу кезеңінде балық қорын қорғауды күшейтуде

                                                                                                  ШҚО-да полиция уылдырық шашу кезеңінде балық қорын қорғауды күшейтуде

Шығыс Қазақстан облысында көктемгі уылдырық шашу кезеңінде су биологиялық ресурстарын қорғауға бағытталған жедел профилактикалық іс-шарасы басталды.

16 сәуір мен 30 мамыр аралығында полиция қызметкерлері, балық қорғау инспекторлары және табиғатты қорғау қызметтерінің өкілдері рейдтік тексерістер өткізіп, көлік құралдарын тексеріп, сауда орындары мен су айдындарын патрульдеуде.

Көктемгі уылдырық шашу кезеңі — балық популяциясын қалпына келтірудегі ең маңызды кезең. Осы уақытта қойылған тыйымдарды бұзу экожүйеге және табиғи тепе-теңдікке елеулі залал келтіреді.

ШҚО Полиция департаменті табиғи ресурстарды қорғау — баршаға ортақ міндет екенін еске салады. Ережелерді бұзған азаматтарға әкімшілік айыппұлдар, аулау құралдары мен көлік құралдарын тәркілеу, ал залал келтірген жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Полиция қызметкерлері азаматтарды заңды құрметтеуге және болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтауға шақырады.

Егер де браконьерлік фактілеріне куә болсаңыз «102» арнасына немесе жақын жердегі полиция бөлімшесіне хабарлауға болады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі