ШҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ - ЗАҢ МЕН ТӘРТІП КҮЗЕТІНДЕ

ШҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ - ЗАҢ МЕН ТӘРТІП КҮЗЕТІНДЕ

                                                                                                  ШҚО ПОЛИЦЕЙЛЕРІ - ЗАҢ МЕН ТӘРТІП КҮЗЕТІНДЕ

Бүгін Өскемен қаласындағы «Мәңгілік алау» даңқ мемориалының жанында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің жеке құрамының гарнизондық жиыны өтті. Іс-шараға Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Төкенов Алмаз Тілегенұлы жетекшілік етті. Салтанатты жиынға ішкі істер органдарының ардагерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғам белсенділері мен қала блогерлары қатысты.

Жиын барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жедел қызметтік қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар полиция қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.

Қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Алмаз Төкенов:
«Біздің басты міндетіміз – заң мен тәртіп қағидаларын сақтау және азаматтардың сенімін іс жүзінде ақтау. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге толық жұмылдырылған және қаладағы тұрақтылықты сақтауға дайын»,- деп атап өтті.

Іс-шара барысында Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығы жүктеген тапсырмаларды іске асыру бойынша нұсқаулық өткізіліп, құқықбұзушылықтардың алдын алу ғана емес, сонымен қатар тұрғындармен өзара сенімге негізделген байланыс орнатып, қауіпсіздік мәселелерін бірлесіп шешудің маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ, күнделікті қызметте пайдаланылатын қызметтік автокөліктер, сигвейлер мен мотоциклдердің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізілді. Аталған арнайы көлік пен техника қаланың тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қолданылады.

Салтанатты шара жеке құрамның саптық шеруімен аяқталып, тәртіп сақшылары Өскемен қаласында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кезекшілік қызметіне кірісті.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі