
ШҚО Полиция департаменті «Human Capital – 2025» форумында үздік жұмыс беруші деп танылды
2025 жылғы 24 сәуірде С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті базасында «Human Capital – 2025» жұмыс берушілер форумы өтті. Іс-шараның негізгі қатысушыларының бірі — Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті университеттің білікті мамандар даярлау саласындағы сенімді серіктесі.
Форумда құттықтау сөз сөйлеген Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы құқық қорғау органдары мен жоғары оқу орындарының өзара тұрақты іс-қимылының маңыздылығын атап өтіп, университетпен бірлескен жұмыстың нәтижелеріне тоқталды:
«Қазіргі заманғы кадрларды даярлау жүйесі білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықсыз мүмкін емес. С. Аманжолов атындағы ШҚУ — біздің сенімді серіктесіміз, бұл әріптестіктің нәтижелері қазірдің өзінде көрініп жатыр, түлектердің көбі ішкі істер органдарына сәтті қабылданып жатыр. Біз бұл диалогты жоғары бағалаймыз және Полиция департаменті құқық қорғау жүйесіне мықты әрі ынталы кадрлық резервті қалыптастыруға белсенді қатысуға дайын», — деді Қазбек Мұхтарұлы.
Форум аясында әлеуметтік серіктестерді марапаттау рәсімі өтті. Кадрлар даярлау мен жас мамандарды жұмысқа орналастыруға қосқан зор үлесі үшін ШҚО Полиция департаменті «Үздік жұмыс беруші» ретінде танылып, полиция полковнигі Тақжанов Қазбек Мұхтарұлына арнайы марапат — «Үздік жұмыс беруші» мүсіншесі табысталды.
Сондай-ақ, кәсіби бағдар беру жұмыстарына белсенді қатысып, студенттерге қолдау көрсеткені үшін Анықтау басқармасының бастығы полиция полковнигі Үмітов Арман Алтайбекұлы мен Тергеу басқармасы бастығының орынбасары полиция майоры Нұралин Ғазиз Мейірұлы алғыс сертификаттарымен марапатталды.
Форум ШҚУ ректоры, профессор Төлеген Мұхтар Әділбекұлының төрағалығымен өтті. Іс-шараға ШҚУ директорлар кеңесінің төрағасы А.М.Рахимжанов, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И.Ф. Смит, ШҚО Білім басқармасының өкілдері, Кәсіпкерлер палатасы мен өңірдегі білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
ШҚО Полиция департаменті құқық қорғау жүйесі үшін кадрлық әлеуетті қалыптастыратын және өңірдің тұрақты дамуына ықпал ететін білім беру бастамаларын қолдауды жалғастырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі