ШҚО-да полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды

ШҚО-да полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды

                                                                                                   ШҚО-да полицейлер қайғылы жағдайдың алдын алды

2025 жылғы 17 сәуір күні таңғы уақытта Өскемен қаласы полиция басқармасына тұрғын үйдің 9-қабатындағы балконнан секірмек болған жас жігіт жөнінде шұғыл хабарлама келіп түскен.

Аталған мекенжайға дереу Өскемен қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері – полиция инспекторлары Қайрат Ташкенбаев пен Ерасыл Мұратханов келді. Қызметтік іс-қимыл барысында бір инспектор көше деңгейінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастырса, екіншісі жоғарғы қабатқа көтеріліп, балконның сырт жағында тұрған азаматпен тілдесуге кіріскен.

Полиция қызметкерінің айтуынша, 25 жастағы азамат ауыр психоэмоционалдық жағдайда болған. Әңгімелесу барысында инспектор оның сенміне кіріп, оның есірткіге тәуелділігі бар екенін және жалғыздық сезімі мазалайтынын анықтаған. Тәртіп сақшысы азаматқа өмірдің құндылығы, қиындықтарды жеңу жолдары және жаңа бетбұрыс жасау мүмкіндіктері туралы айтып берген.

Инспектор Ерасыл Мұратхановтың кәсіби әрі адамгершілікке толы әрекеттерінің нәтижесінде азамат өз еркімен балконның қауіпсіз жағына өтіп, кейіннен жедел жәрдем қызметіне тапсырылды.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі