Қауіпсіз болашақ: ШҚО-да «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Қауіпсіз болашақ: ШҚО-да «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

                                                                                                   Қауіпсіз болашақ: ШҚО-да «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Бүгін күні ең маңызды әрі ауқымды мәселелердің бірі — балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігі. Тәрбие, көңіл бөлу мен қамқорлық — қауіптің алдын алатын басты қалқан. Бірақ кейде бұл жеткіліксіз болады.

Сондықтан 2025 жылдың 10 сәуірінен 6 мамырға дейін өңірде республикалық «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның басты мақсаты — тек құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, олардың алдын алу, уақытында тоқтату және қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету. Сондай-ақ, мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне де ерекше назар аударылатын болады.

Шара барысында күнделікті түнгі рейдтер өткізіледі: түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында, компьютерлік клубтарда немесе жай ғана көшеде үлкендердің қарауынсыз жүрген кәмелет жасқа толмағандар анықталады.

«Жасөспірім» іс-шарасының алғашқы 5 күніндегі нәтижелері:
- 320 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді;
- 18 жасөспірім мен 25 тәуекел тобындағы отбасы тіркеуге алынды;
- 98 білім ордасында анонимді сауалнамалар жүргізілді;
- 97 құқықтық бағыттағы іс-шара ұйымдастырылды.

ШҚО Полиция департаменті әрбір ата-анаға, ұстазға және барлық бей-жай қарамайтын азаматқа үндеу жолдайды: тәрбие — баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлесе отырып, жастарға қауіпсіз, жарық әрі адал болашақ сыйлай аламыз!


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі