
ШҚО-да 20 миллион теңге берешегі бар борышкерлер анықталды
Шығыс Қазақстан облысының көші-қон қызметі бөлімдеріне қарыздарын төлеуден жалтарып жүрген азаматтарды іздеуге бағытталған жекеменшік сот орындаушыларынан қаулылар келіп түсуін жалғастыруда.
Мәселен, іздестіру шаралары барысында Өскемен қалалық ПБ көші-қон қызметінің қызметкерлері Үлкен Нарын аумағында ауыл шаруашылығы өнімін өткізбей қойғаны үшін шаруа қожалығына 1 800 000 теңгеден астам берешек болған борышкерді анықтады.
– Жыл басынан бері ШҚО ПД көші-қон қызметі бөлімдері 16 борышкердің мекенжайын анықтады. Жалпы берешек сомасы 20 миллион теңгеден асты, – деді Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі сот актілерін орындау – әрбір азаматтың міндеті екенін ескертеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда әкімшілік те, қылмыстық жауапкершілікке де тартылу қарастырылған.
Істің ушығуына жеткізбеңіз. Міндеттемелерді уақытылы орындау – бұл тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар өзге азаматтардың құқықтарына деген құрметтің көрінісі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі