
Шығыс Қазақстан тергеушілері кәсіби мерекесін атап өтті
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл ерекше күн – құқықтық тәртіп пен әділдікті қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген тергеушілердің кәсібилігі мен адалдығын біріктіретін мереке.
Іс-шарада ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Алмаз Төкенов әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, тергеу қызметінің маңыздылығын атап өтті:
«Тергеушінің жұмысы – бұл жай ғана қызметтік міндет емес, бұл – білім мен табандылықты қажет ететін ерекше миссия. Бұл салада немқұрайлылыққа орын жоқ. Сіздердің әрқайсыңызға кәсібиліктеріңіз, антқа адалдықтарыңыз және әділет жолындағы табандылықтарыңыз үшін алғыс айтамын», – деді ол.
Сондай-ақ тергеу бөлімшелерінің кураторы ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қазбек Тақжанов та мерекемен құттықтап,сөз сөйледі:
«Тергеу қызметкерлері – құқықтық тәртіптің тірегі. Әділеттіліктің қалпына келуі – сіздердің ұстанымдылықтарыңыз бен дәлдіктеріңізге тікелей байланысты. Біз сіздердің жетістіктеріңізді мақтан тұтамыз және бұл істің бұрынғыдай абыроймен жалғасын табатынына сенеміз».
Мереке аясында тергеу саласына өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге ерекше құрмет көрсетілді. Көп жылғы еңбектері мен баға жетпес тәжірибесі үшін оларға алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара барысында жас мамандар мен олардың ата-аналарына да жылы лебіздер айтылды. Қоғам алдындағы борышты, абырой мен жауапкершілікті балаларына сіңіре білген отбасыларға алғыс білдіріліп, арнайы марапаттар табыс етілді.
Бұл күн – заң жолындағы қызметтің жай ғана мамандық емес, үлкен рухани күш пен әділдікке деген адалдықты талап ететін өмірлік жол екенін тағы бір мәрте еске салды. Тергеуші болу – бұл шындықты қорғауға, құқық пен тәртіпті сақтауға бел буған азаматтың таңдауы.
ШҚО ПД баспасөз қызметі