
Өскеменде полицейлер қала тұрғындарына жол жүрісі қағидаларын еске салды
Жол қауіпсіздігін арттыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында Өскемен қ.ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері профилактикалық акция өткізді.
Патрульдеу барысында адам көп жиналатын орындарда полицейлер дауыс зорайтқыштар арқылы азаматтарға жол жүрісі қағидаларын сақтау қажеттігін ескертті.
Жаяу жүргіншілерге жолды тек белгіленген орындардан кесіп өту және көлік жүретін бөліктің маңында сақ болу қажеттігі түсіндірілді. Сондай-ақ, оларға негізгі қауіпсіздік қағидалары жазылған ақпараттық жадынамалар таратылды.
Көлік жүргізушілеріне жаяу жүргіншілер жолағының алдында жылдамдықты бәсеңдету, арақашықтықты сақтау және белгіленген жылдамдық режимін бұзбау маңыздылығы ескертілді.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осындай профилактикалық шаралар жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға және жол қозғалысы мәдениетін арттыруға ықпал етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі