Ұлттық спорт күні: Есірткіге қарсы күрес және салауатты өмір салты

Ұлттық спорт күні: Есірткіге қарсы күрес және салауатты өмір салты

                                                                                                  Ұлттық спорт күні: Есірткіге қарсы күрес және салауатты өмір салты

Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт» күніне орай, «Жастар Рухы» ЖҚ ШҚОФ, ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Өскемен қалалық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындардан жарыс өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, олардың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету, сондай-ақ есірткі қылмысының алдын алу. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі спорт түрлері – тоғызқұмалақ, бес асық, қазақша күрес бойынша сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.

Шара барысында ұйымдастырушылар жастар арасында есірткіге қарсы насихат жүргізіп, оның зияны мен қауіптілігі жайлы ақпарат берді. Ұлттық спорт – тек дене шынықтыру ғана емес, сондай-ақ адамның ерік-жігерін шыңдайтын, жаман әдеттерден аулақ болуға үндейтін маңызды құрал.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар жүлделі орындар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Мұндай шаралар жастарды спортқа баулып қана қоймай, олардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырып, салауатты өмір салтын таңдауға бағыттайды.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі