Шығыс Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Шығыс Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

                                                                                                  Шығыс Қазақстан облысында тағы бір ауыл ішімдіктен бас тартты

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында орналасқан Жалғызтал ауылының тұрғындары ішімдік өнімдерін тұтынудан толықтай бас тарту туралы шешім қабылдады.

Бұл елді мекенде 30 үйде 150 адам тұрады, және ауыл ресми түрде алкогольсіз ауыл мәртебесін алды. Бұл мәртебені алу құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау бағытындағы шаралардың бір бөлігі болды. Ауыл тұрғындары саналы түрде салауатты өмір салтын таңдап, дәстүрлі отбасылық құндылықтар мен қоғамдағы қауіпсіздікке деген адалдықтарын көрсетті.

Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, соңғы үш жылда ауылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Полиция ауыл тұрғындарының бастамасын қолдай отырып, көп жағдайда құқық бұзушылықтар, соның ішінде тұрмыстық жанжалдар мен басқа да қылмыстар, алкогольдік масаң күйде жасалатынын атап өтті.

Жалғызтал өңірдегі алкогольден бас тартқан алтыншы елді мекен болды. Ауыл тұрғындары бұл қадамды тыныш әрі сау өмірге қарай жасалған маңызды қадам ретінде бағалап, өздерінің мысалдары басқа қазақстандықтарды да ынталандыратынына сенеді.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі