«Ақша бер!»: Өскеменде ер адам екі дүкенді тонап кеткен
Полиция қызметкерлері күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады.
Түнгі уақытта полицияға гүл сататын дүкеннің сатушысы ұрлық жасалғаны туралы хабарлаған.
Жәбірленуші белгісіз адамның дүкенге кіріп, қорқытып, бірнеше рет ұрып, кассадан 14 000 теңгені ұрлап, кейін белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы баяндап берген.
Екі күннен кейін полицияға дәл сондай қоңырау келіп түскен. Бұл жолы да ер адам азық-түлік дүкенінде сол сценарий бойынша әрекет еткен. Сатушыға күш көрсетіп, кассадан 110 000 теңгеден астам ақшаны алып, қашып кеткен.
Тәртіп сақшыларымен күдікті жедел анықталып, қамауға алынды. Ол облыстың 30 жастағы тұрғыны екені, тонау кезінде қылмыс жасаған маңда тәулік бойы пәтер жалдап тұрғаны анықталды. Ұрланған ақшаны қарыздарын өтеуге жұмсаған.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды және ықтимал қатысушыларды анықтауға бағытталған қосымша тергеу жүргізілуде.
Күдікті мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
ШҚО ПД баспасөз қызметі