ШҚО ПД-да бастықтың орынбасарлары тағайындалды

ШҚО ПД-да бастықтың орынбасарлары тағайындалды

                                                                           ШҚО ПД-да бастықтың орынбасарлары тағайындалды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтің бұйрығымен ШҚО ПД бастығының орынбасарлары лауазымына осыған дейін Абай облысының Анықтау басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы және ШҚО ПД ақпараттандыру және байланыс басқармасын басқарған полиция подполковнигі Қарсақбаев Эльдар Ерғалиұлы тағайындалды.


Жаңа орынбасарларын жеке құрамға облыстың департамент бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков таныстырды.

Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы Риддер қаласының тумасы, құқық қорғау органдарында 1998 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қазақстан-Америка еркін университетін бітірген. Ол қызметтік жұмысын Солжағалау полиция бөлімінің анықтаушысы ретінде бастаған, тергеу бөлімшелеріндегі жұмыс өтілі 24 жылға жуық уақытты құрайды. Полковник Қазбек Мұхтарұлы сонымен қатар тергеу және криминалистикалық бөлімшелерге жетекшілік ететін болады.

Қарсақбаев Эльдар Ерғалиұлы құқық қорғау органдарында 2006 жылдан бері қызмет етеді, Ұлан ауданының тумасы. Шығыс гуманитарлық институтын бітірген. Қызметтік жолын жедел қамтамасыз ету орталығының инспекторы болып бастаған. Подполковник Қарсақбаев ШҚО ПД Ақпараттандыру және байланыспен қамтамасыз ету саласына жетекшілік ететін болады.

Әріптестерін жеке құрамға таныстырған өңірдің бас полицейі олардың алдарына басқаратын бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойды.

                                                                                                                                                                                    ШҚО ПД баспасөз қызметі