ШҚО мектептерінің бірінде кадет сыныбы ашылды

ШҚО мектептерінің бірінде кадет сыныбы ашылды

                                                                                          ШҚО мектептерінің бірінде кадет сыныбы ашылды

           

Оған Ұлы Отан соғысы және ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі Құрмат Рахимұлы Рахимовтың есімі берілді, ардагер биыл 100 жылдық мерейтойын атап өтуде.

Мерейтой иесінің туған жері Күршім ауылының орта мектебінде бүгін 15 оқушы салтанатты түрде ант қабылдап, кадет атанды. Жасына байланысты Құрмат Рахимұлы салтанатты іс-шараға бара алмады, сондықтан ол үшін полицейлер тікелей онлайн-трансляция ұйымдастырды. Оның қасында ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Төкенов Алмаз Тлегенұлы, ІІО және ШҚО ҰҰ ардагерлер кеңесінің төрағасы Үдербаев Нұрлыбек Ғалиұлы болды. Бұл іс-шараға Күршім ауданының әкімі Ақышов Алмат, АПБ бастығы полиция полковнигі Кошкинчинов Жандос, ІІО ардагерлері, сондай-ақ оқушылардың ата-аналары қатысты.

"Кадет сыныбының ашылуы әскери-патриоттық тәрбиені арттыруда ерекше рөл атқарады. Ант беру кезінде курсант әр  сөзді шынайы тебіреніспен айтады және сендер үшін ар-намыс, қадір-қасиет, тәртіп сияқты ұғымдар бірінші кезекте болуы тиіс. Қазірдің өзінде осы жаңа сыныпта сендер өз таңдаған жолдарыңның маңыздылығы мен жауапкершілігін сезінудесіңдер", - деп атап өтті Төкенов Алмаз.

Қуанышқа бөленген ақсақал өз кезегінде батасын беріп, оқушыларға өз мақсаттарына жетуде сенімділік және қиындықтарды жеңуде табандылық тіледі.

Қатысқан қонақтар кадеттерді құттықтап, алдағы уақытта құқықтық тәртіпті сақтауда еліміздің лайықты азаматтары болатынына сенім білдірді.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі