ШҚО тәлімгерлер кеңесі: полиция ардагерлері қызметкерлермен тәжірибелерімен бөлісуде

ШҚО тәлімгерлер кеңесі: полиция ардагерлері қызметкерлермен тәжірибелерімен бөлісуде

                                                                                         ШҚО тәлімгерлер кеңесі: полиция ардагерлері қызметкерлермен тәжірибелерімен бөлісуде

                                

18.04.2024 жылы Шығыс Қазақстан облысы ПД жанындағы тәлімгерлер кеңесінің киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті.

Интернет-алаяқтық бүгінгі таңда қылмыстық құқық бұзушылықтардың кең таралған түрлерінің бірі болып табылады. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды: ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің ағымдағы 2024 жылдың 3 айындағы жұмыс нәтижелері және интернет-алаяқтықпен байланысты қылмыстардың алдын алу және ашу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, алаяқтардың құрбаны болған азаматтар жүгінген кезде кезекші бөлімдер мен киберпол қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмін жасау. Екінші деңгейдегі банктерге және МҚҰ-ға сұрау салу.

Кездесу қорытындысы бойынша тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Мұқанов Дәурен киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, алаяқтардың құрбаны болған азаматтар жүгінген кезде кезекші бөлімдер мен Киберпол қызметкерлерінің іс-қимыл алгоритмін әзірлеуді ұсынды.

Жас полицейлердің қалыптасуындағы маңызды рөлді ұрпақтар сабақтастығы алады. Себебі, тәлімгер әріптестердің көпжылдық тәжірибесі оларды алға қойған мақсаттарына жетуге бірде бір септігін тигізері анық. Біздің ардагерлер кәсіби кадрларды қалыптастыруға және кейінгі буынға дұрыс негіздерді қалыптастыруға өз үлестерін қоса отырып, тәлімгерлік жұмыстарын жалғастыруда.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі