ШҚО-да патрульдік полицияның үздік инспекторы таңдалды

ШҚО-да патрульдік полицияның үздік инспекторы таңдалды

                                                                                         ШҚО-да патрульдік полицияның үздік инспекторы таңдалды

                              

Өскеменде патрульдік полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында "2024 жылғы Үздік маман" облыстық байқауы өтті.

Іс-шараны жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы ұйымдастырды.

Күні бойы облыстық және қалалық батальонның, аудандық полиция бөлімдерінің саптық бөлімшелері атынан қатысқан 16 қызметкер табельдік қарудан атыс даярлығы, дене шынықтыру дайындығы, нормативтік-құқықтық актілерді білу және Қазақстан Республикасының жол жүрісі қағидаларын білу бойынша практикалық сынақтар тапсырудан бақ сынасты.

Сондай-ақ, полицейлер жылдам маневр жасау дағдыларын, алғашқы медициналық көмек көрсету, қоян-қолтық ұрыс техникасын меңгеру деңгейін, әрі қозғалыс қарқыны жоғары қиылыстарда қолмен реттеудегі тәжірибесін көрсетті.

Конкурс қорытындысы бойынша ПД ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Дәулетханұлы Медет өз мамандығы бойынша үздік атанды.

Екінші орынды Өскемен қ. ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Арман Ахметжанов иеленсе, ал үшінші орын ШҚО ПД ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ернұр Қалқамановқа бұйырды.

Әртүрлі номинациялар бойынша :

- атыс дайындығы бойынша ПД ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Қалихан Әсет;

- дене шынықтыру даярлығы бойынша Глубокое ПБ ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Бақытбек Азамат;

- күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша Өскемен қ. ППБ қызмет аға инспекторы полиция капитаны Дидар Мисинов;

- алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша ППБ қызмет аға инспекторы полиция аға лейтенанты Мекенғали Батыр;

- құқықтық актілер білуін тестілеу бойынша ППТ қызмет аға инспекторы полиция капитаны Ағыбаев Рустам;

- ҚР Жол жүрісі қағидалары білуін тестілеу бойынша ПД ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Кәкенов Сырым;

- жылдамдықты маневірлеу бойынша ПД ППБ қызмет аға инспекторы полиция капитаны Қалиев Ернат;

- жол қозғалысын қолмен реттеу бойынша Өскемен қ. ППБ қызмет аға инспекторы полиция капитаны Рамазанов Данияр үздік нәтижелер көрсетті.

Жарыстың жеңімпаздары мен қатысушыларын ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков құттықтап, патрульдік полицей болу - бұл мамандық қана емес, өмір салты екенін атап өтті. «Қаланың қауіпсіздігі, көшелердегі тәртіп және төтенше жағдайларға жедел ден қою сіздерге тікелей байланысты. Сондықтан сіздердің әрқашан қалыпта болғандарыңыз маңызды. Өйткені, бұл кәсібиліктеріңіз бен іс-әрекетке дайындықтарыңыз адамдардың өмірін құтқарады және елімізді қауіпсіз етеді", - деп аяқтады өз сөзін облыстың бас полицейі.

Айта кетейік, жеңімпаз Дәулетханұлы Медет 2024 жылдың 24-25 маусымы аралығында Астанада өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ІІО қызметкерлерінің республикалық және халықаралық кәсіби шеберлік байқауына Шығыс Қазақстан облысы атынан қатысатын болады.


                                                                                                                                                                                                            ШҚО ПД баспасөз қызметі