Ауладағы кездесу: 200-ден астам жиын өткізілді
12 ақпаннан бастап Шығыс Қазақстан облысы аумағында "Ауладағы кездесу" республикалық акциясы өткізілуде, оның негізгі мақсаты құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ халықпен тығыз және сенімді қарым-қатынас орнату болып табылады.
Кездесу барысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтық жасаудың негізгі түрлері мен тәсілдері және алаяқтардың түрлі әдістеріне түсіп қалмау туралы, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу, ұсақ бұзақылық фактілері бойынша, аула көшелерін абаттандыру мәселелері мен малды ұстау ережелері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Акция басталғаннан бері қалалық жерлерде 97 жиын және ауылдық жерлерде 124 жиын өткізіліп, оған облыстың 14 мыңға жуық тұрғыны қатысты.
Айта кетейік, аталған кездесулерде қатысушылар сұрақтарына тұшымды жауап ала отырып, белгілі бір мәселелерді жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісе алады, өз кезегінде бұл тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмайды.
Еске саламыз, "Ауладағы кездесу" акциясы 30 наурызға дейін жалғасады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі