"22: 00-ден кейін шуламаңыз!" полицейлер тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді

"22: 00-ден кейін шуламаңыз!" полицейлер тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді

                                                                                     "22: 00-ден кейін шуламаңыз!" полицейлер тыныштықты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгені туралы ескертеді


Көбінесе полицияға көп қабатты үйлердің тұрғындары көршілеріне арыз жазып жүгінеді. Себептері әртүрлі, біреулері қатты музыка қосқаны үшін шағымданса, енді біреулері түн ортасында пәтерде жөндеу жұмыстарын жүргізгені үшін шағымданады.


Біздің өміріміз онсызда күнделікті тоқтамайтын көліктердің шуылына, музыкаға, көшедегі адамдардың дауыстарына және басқа да түрлі дыбыстарға толы. Күні бойы шаршап, үйге келгеннен кейін демалғың келеді.


Алайда, барлық көршілер немесе тұрғындар мұны түсінбейді, соның салдарынан басқалардың тыныштығын бұзады.


Мысалы, түнгі сағат 01.00 шамасында полиция бөліміне көппәтерлі үйдің тұрғыны жүгінген. Ол көршісінің пәтерінде ұзақ уақыт бойы музыканың дауысын қатты қойып, демалуға кедергі жасағанын айтып шағымданған.


Шақыртуға келген тәртіп сақшылары аталған көршісінің пәтерінде достарымен бірге мерекеге жиналғанын және осы әрекетімен басқа азаматтардың мазасын алғанын анықтады. Нәтижесінде полиция қызметкерлері үй иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырып, бұдан кейін қайталамауды ескертті.


Күн өткен сайын мұндай фактілер жиі қайталануда, статистикаға сүйенсек жыл басынан бері тыныштықты бұзу бойынша барлығы 3 417 әкімшілік хаттама толтырылған.


Полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабына сәйкес кешкі сағат 22:00-ден таңғы 9:00-ге дейін тұрғын үйде және оның сыртында шұғыл қажеттілікпен байланысты болмаса, азаматтардың қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергі келтіретін, сондай-ақ тұрғын үйлерде және тұрғын үй аумақтарында орналасқан ойын-сауық мекемелерінің тыныштықты бұзғаны үшін айыппұл салынатынын ескертеді. Сонымен қатар, демалыс және мереке күндері сағат 23:00-ден таңғы 10:00-ге дейін тыныштықты бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 5 АЕК, ал кәсіпкерлерге 20 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

                                                                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі