ШҚО тұрғыны тыйым салынған аймақта балық аулағаны үшін ұсталды
Күршім ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында полицейлер жыл бойы тыйым салынған шығанақ аймағында браконьерді анықтады.
Ауыл тұрғынын тінту кезінде тәртіп сақшылары оның торға салып аулаған балық ресурстарының бірнеше түрін тәркіледі, оның ішінде: көксерке – 15,1 кг, шортан – 32,7 кг, алабұға – 1,5 кг, қарақұйрық – 11,5 кг.
Заңсыз аулаудың жалпы салмағы 60 кг-нан асты, осылайша браконьер 350 000 теңге көлемінде залал келтірді.
Балықшыға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 335-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі