Шығыс Қазақстандағы шекара бекетінде есірткі контрабандасының әрекеті тоқтатылды

Шығыс Қазақстандағы шекара бекетінде есірткі контрабандасының әрекеті тоқтатылды

                                                                               Шығыс Қазақстандағы шекара бекетінде есірткі контрабандасының әрекеті тоқтатылды

 

Полиция қызметкерлері Шемонаиха ауданында ресейлік азаматтан есірткі заттарын тәркіледі.

Аудандық полиция бөліміне «Убе – Авто» КШББ бекетінде шекаралық бақылаудан өту кезінде Ресей Федерациясының 48 жастағы азаматының басқаруындағы «Джип Вранглер» маркалы автокөлігі тоқтатылды деген ақпарат келіп түсті.

Көліктің жүксалғышында жатқан рюкзакты тінту кезінде полиция қызметкерлері спецификалық иісі бар жасыл түсті затты тауып алып, тәркілеген.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 2,54 грамм кептірілген марихуана болып табылады.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі «Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың ең жоғары санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түріндегі жазаны көздейді.

                                                                                                                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі