Демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

                                                                                 Демалыс күндері 1300-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.


Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1300-ге жуық тұрғыны құқық бұзушылыққа ұшырап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:


330-дан астам жаяу жүргіншілердің ережені бұзуы (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі);
- 178-і қауіпсіздік белдігін тақпай көлік жүргізгені үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі);
- 108 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы);
- 6 адам қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі) жазаланды.
- автокөлікті масаң күйде басқарған (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 5 жүргізуші ұсталды.


15 қазан күні сағат 20.01-де Өскемен қаласы Беспалов көшесі ауданында облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны орта дәрежедегі масаң күйде "Мазда" көлік құралын басқарған. Сондай-ақ, көлік тізгінін басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен.


Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік немесе уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.


Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтауға және бұзушылықтарды болдырмауға шақырады.

                                                                                                                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі