ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен тонауды ашты

ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен тонауды ашты

                                                                                   ШҚО полицейлері бейнекамералардың көмегімен тонауды ашты

Облыс орталығының " 102 " арнасына қаланың тұрғыны жүгінген, ол қатты қобалжып белгісіз жігіттің оның кәмелетке толмаған ұлының телефонын алып алғанын хабарлаған.


Жасөспірімнің айтуынша қала көшелерінің бірінде, белгісіз жігіт оған смартфонынан қоңырау шалып алайыншы деп өтінген. Алайда, жас жігітті алдап, қаскүнем телефонмен қашып кеткен. Жәбірленуші оқиға туралы үйге келген соң жарты сағаттан кейін айтып берген.


Полицейлер оқиға орнындағы "Сергек" АБК бейнекамераларын карау арқылы іздеуге бірден кіріскен. Интеллектуалды бейне жүйесін қарау арқылы құқық қорғау органдары күдіктінің әрекеттерін кезең-кезеңімен анықтады, ол бірнеше минут ішінде телефонды сатып улгерген. Ұры таксиде жасырынып қалғысы келген , алайда патрульдік полиция сол жерде ұстаған.


Үлбі полиция бөлімі аталған факті бойынша 24 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Қазіргі уақытта облыс орталығында 5000-нан астам бейнебақылау камералары жұмыс істейді, олар ПД жедел басқару орталығына шығарылған. Әрбір мониторға бейнені тұрақты бақылауды жүзеге асыратын бейнебақылау инспекторы бекітілген, бұл қылмыскерлерді ізін суытпай ұстауға мүмкіндік береді.


Ағымдағы жылдың басынан бастап бейнежазбаның көмегімен 122 қылмыс ашылды, оның ішінде 48 ұрлық, 16 айдап әкету, 10 тонау және 8 бұзақылық.


Статистикалық деректер ЖБО жұмысының тиімділігі жоғары екенін көрсетті, өйткені бейнекамералардың болуы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың пәрменді әдістерінің бірі болып табылады.

 

                                                                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі