Зайсан ауданының тұрғынынан заңсыз қару табылды
Зайсан ауданының полицейлері жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу барысында аудан ауылдары бірінің 67 жастағы тұрғынын анықтады, одан 5,6 мм калибрлі "ТОЗ-8М" мылтығы тәркіленді.
Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қарудың табылуына қатысты мән-жай анықталып жатыр, тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полиция департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылатынын еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі