Демалыс күндері 1400-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1400-ге жуық тұрғыны құқық бұзушылыққа ұшырап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
220-тан астам жаяу жүргіншілердің ережені бұзуы (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі);
- 152-і қауіпсіздік белдіктерін пайдану қағидаларын сақтамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі);
- 122 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы);
- автокөлікті масаң күйде басқарған (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 21 жүргізуші ұсталды;
- 5 адам жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі) жазаланды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінен 25 қыркүйекке қараған түні сағат 01:14 шамасында екі масаң жүргізуші: Өскемен қаласы, Назарбаев даңғылында 31 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Шевроле" маркалы автокөлігі, тағы бір 67 жастағы масаң жүргізуші "Тойота" маркалы автокөлігімен Өскемен-Шемонайха тасжолында тоқтатылған.
Екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, оларға он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және бұзушылықтарды болдырмауға шақырады.
Масаң жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.
Жол жүрісі қағидаларын елемеу және көлік құралын масаң күнде басқару қайтымсыз салдарға әкелетіні есіңізде болсын!
ШҚО ПД баспасөз қызметі