Ауыл тұрғыны көлікті айдап кеткен
Батальон қызметкерлері Донское ауылын патрульдеу кезінде 1991 жылы туған жүргізушінің басқаруындағы көлікті тоқтатқан.
Құжаттарды тексеру барысында аталған көлікті ер адам Ново-Явленка ауылынан айдап әкеткені анықталды. Сондай-ақ тексеру жүргізушінің жеңіл дәрежедегі масаң күйде болғанын көрсетті.
Қазіргі уақытта көлік құралы мамандандырылған тұраққа қойылды, ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 200-бабы 1-бөлігі- ұрлау мақсатынсыз автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі