Демалыс күндері 1200-ден астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 1200-ге жуық тұрғыны құқық бұзушылыққа ұшырап, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде:
- 240-тан астам жаяу жүргіншілердің ережені бұзуы (ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы 1-бөлігі);
- 147-і қауіпсіздік белдіктерін пайдану қағидаларын сақтамағаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2-бөлігі);
- 92 жүргізуші көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы);
- автокөлікті масаң күйде басқарған (ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы) 15 жүргізуші ұсталды;
- 7 адам жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына шыққаны үшін (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі) жазаланды.
Мәселен, ағымдағы жылдың 20 -тамыз түні сағат 23:55 шамасында Мызы көшесін патрульдеу кезінде алкогольдің өткір иісі шыққан 35 жастағы жүргізушінің басқаруындағы "Мазда" маркалы автокөлігі тоқтатылды. Куәландыру көрсеткендей -жеңіл дәрежедегі масаң күйде болған. Тағы бір 22 жастағы мас жүргізуші, бірақ орташа дәрежедегі масаң күйде Назарбаев көшесін патрульдеу барысында тоқтатылды, ол ағымдағы жылдың 20-шілдесінен 21-шілдесіне қараған түні сағат 00.56 шамасында өз істері бойынша жолға шыққан.
Екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, оларға он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді.
Полиция департаменті жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және бұзушылықтарды болдырмауға шақырады.
ШҚО ПД бапасөз қызметі