Зайсан қаласы тұрғынынан газды тапанша тәркіленді
Ағымдағы жылдың шілде айының соңында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Зайсан қаласы Спамбетов көшесінде 23 жастағы тұрғынды ұстаған, оны жеке тінту барысында тапанша және оған арналған үш патрон тәркіленді.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген тапанша 1998 жылы шығарылған 8 мм калибрлі «ИЖ—79-8» өзін-өзі қорғауға сондай-ақ, маркалы дыбыстық сигнал беруге арналған газды тапанша екені , атыс қаруы болып табылмайтындығы белгілі болды.
Ер адам тапаншаны Марқакөл ауылындағы автожолдың бойынан тауып алып, жеке пайдалану үшін қалдырғанын айтты.
Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК - нің 482-бабы 1-бөлігі – жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, алып жүру, тасымалдауы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Осы бап оның негізгі құрамдас бөліктерін тәркілей отырып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп соғады.
Тәртіп сақшылары азаматтарға қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тағы да еске салады. Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар, егер олардың әрекеттерінде басқа қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі