ШҚО полицейлері демалыс күндері 13 мас жүргізушіні ұстады
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өңірде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол жүрісі қағидаларын сақтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Дегенмен, жүргізушілер жол жүрісі қағидаларын елемеуді жалғастыруда. Өткен демалыс күндері ғана қала мен облыстың 13 тұрғыны тәртіп бұзушы болып, масаң күйде көлік жүргізген.
29.07.2023 жылдан 30.07.2023 жылға қараған түні сағат 01.45 шамасында «Өскемен-Рахман қайнарлары» жолын патрульдеу барысында Алтай қаласының 37 жастағы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-21093» маркалы автокөлігі тоқтатылды. Жүргізілген сараптама жүргізушінің жеңіл дәрежедегі масаң күйде екенін көрсетті.
Сол түні сағат 04.53-те «Subaru» маркалы автокөліктің тағы бір жүргізушісі «Өскемен-Семей» тас жолында тоқтатылды. Облыс орталығының 43 жастағы тұрғыны орташа дәрежелі масаң күйде болған.
Көлік жүргізу тәртібінің төмендігі облыс орталығыныі жүргізушілері арасында да байқалады. Өткен жексенбіде Өскемен қаласы қалалық батальонының патрульшілері облыс орталығының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Hyundai Accent» маркалы автокөлігін тоқтатқан, ол күндіз Серікбаев көшесімен келе жатып, орташа дәрежедегі мас күйінде көлік жүргізген.
Осы және алкогольдік масаң күйдегі басқа да бұзушылардың автокөліктері мамандандырылған тұраққа қойылды, ал жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚбТК-нің 608 - бабы 1-бабы -алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды, ол он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Полиция қызметкерлері автокөлік жүргізушілерін масаң күйде көлік жүргізбеуге және жол жүрісі қағидаларын сақтауға шақырады.
Мас жүргізуші жол қозғалысының барлық қатысушыларына: жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға және басқа жүргізушілерге үлкен қауіп төндіреді.
Есіңізде болсын, жол жүрісі қағидаларын елемеу және көлік құралын масаң күйде басқару қайтымсыз салдарға әкеледі!
ШҚО ПД баспасөз қызметі