Шығыс Қазақстан полицейлері есірткі қойып кетушісін ұстады
Ағымдағы жылдың шілде айының ортасында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО ПД Оқу -жаттығу взводының бөлімшесімен бірлесіп, Өскемен қаласы Карбышев көшесі бойындағы аулалардың бірінде жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу барысында 2002 жылы туған есірткі қойып кетушісін ұстаған.
Қаскүнем бұрын Алматы қаласында тұрып, өзінің қылмыстық қызметін бастаған, содан кейін Өскеменге есірткі таратуды жалғастыру үшін келген, бірақ үлгермеген. Ұсталғалы тұрғанын көрген ол, полицейлерден жасырынып, "жүктерден" құтылуға тырысқан. Өзінің қызметін интернет-дүкендердің бірінің көмегімен жүзеге асырып, үйлестірушінің нұсқауымен өскемен жастары арасында одан әрі тарату үшін «қара тауар» алғаны белгілі болды.
Полиция қызметкерлері жеке тінту кезінде ұсталған азаматтың іш киімінен көк түсті изолентамен оралған бума, оның ішінде ұнтақ және түйіршіктер түріндегі зат салынған 30 буманы және шалбарының сол қалтасынан бір темекі қорабын, оның ішінен жасыл изолентамен оралған ұнтақ және түйіршіктер түріндегі зат салынған 1 буманы тәркіленді.
Сонымен қатар, оқиға орнындағы подьездің кіреберісін тексеру барысында ішінде ұнтақ және түйіршік түріндегі заты бар 3 полимерлі бума салынған қара түсті барсетка табылып, тәркіленді.
Жүргізілген сараптама тәркіленген заттардың жалпы салмағы 25 грамнан асатын "а-pvp" есірткі заты екенін көрсетті.
Күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған. Оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 297 - бабы 3-бөлігімен - есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жіберу немесе өткізу бойынша квалифицияланады, аталған баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі