Өскемен көшелерінің бірінде күзетшілер ер адамды ұрып-соққан

Өскемен көшелерінің бірінде күзетшілер ер адамды ұрып-соққан

                                                                                 Өскемен көшелерінің бірінде күзетшілер ер адамды ұрып-соққан

Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына облыс орталығының 47 жастағы тұрғыны түнгі уақытта қалалық кафелердің бірінің жанында ЖШС күзетшілері оған дене жарақатын келтіргенін хабарлаған.


Тәртіп сақшылары өтінішті алғаннан кейін дереу қаскөйлерді іздеуге кіріскен.


Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күзетші-жүргізуші болып жұмыс істейтін 19 жастағы екі күдіктіні анықтап, ұстап алған. Жауап алу кезінде ұсталғандар өз кінәларын мойындаған.


Қазіргі уақытта осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 252-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілерге бес жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде.

                                                                                                                                  ШҚО ПД баспасөз қызметі