ШҚО полицейлері кәмелетке толмаған есірткі қойып кетушіні ұстады

ШҚО полицейлері кәмелетке толмаған есірткі қойып кетушіні ұстады

                                                                                    ШҚО полицейлері кәмелетке толмаған есірткі қойып кетушіні ұстады


Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ІІМ ҰҰ 5518 ә/б арнайы жасағымен бірлесіп Өскемен көшелерінің бірінде аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды сақтаған деген күдікпен 17 жастағы студентті ұстаған.


Тәртіп сақшылары дереу тінту жүргізу кезінде жас жігіттің сырт киімі мен шалбарының қалтасынан спецификалық иісі бар, ақ түсті ұнтақ оралған 20 ораманы тауып, тәркілеген.


Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 21,65 грамм болатын «Альфа-ПВП» психотроптық заты болып табылады, ал бұл - 70 реттік дозаны құрайды.


Ұсталған адам екі айдан артық уақыт бұрын қойып кетуші болып жұмысқа орналасқаны, "жұмыс" туралы әлеуметтік желілерден білгені туралы түсініктеме берді. Ол жұмыс ақысын биткоин-әмиян арқылы алған. Студент «тауарды» қаланың шетінен тауып отырған, бұл жағдайда ол жетекшісі көрсеткен жерден есірткі толтырылған 20 пакетті алып, оны дереу жасырын жерлерге қоюға тиіс болатын.


Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасының кепілгерлігіне берілген. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда.

                                                                                                                                     ШҚО ПД баспасөз қызметі