Риддер тұрғынына кафе-барға бару қылмыстық іспен аяқталған

Риддер  тұрғынына кафе-барға бару қылмыстық іспен аяқталған

                                                                                Риддер тұрғынына кафе-барға бару қылмыстық іспен аяқталған

Риддердің кафе-барларының бірінде мекемеге келуші жергілікті тұрғынды көлемді сомаға алдап үлгерген.


Тәртіп сақшылары анықтағандай, Тәуелсіздік даңғылында орналасқан барда 39 жастағы риддерлік ойын автоматынан ақша ұтып алдыңыз деген жалған СМС жіберу арқылы 45 жастағы жәбірленушіге тиесілі 108 000 теңге көлеміндегі ақшалай қаражатты иемденіп алған.


Полиция қызметкерлері қаскөйді тауып ұстап, Риддер қаласы ПБ-ға жеткізген, жауап алу кезінде ер адам кінәсін мойындаған

.
Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтаратпау таңдалды.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


                                                                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі