Шығыс Қазақстан полицейлері өткен жылдардағы кісі өлтіруді ашты

Шығыс Қазақстан полицейлері өткен жылдардағы кісі өлтіруді ашты

                                                                                   Шығыс Қазақстан полицейлері өткен жылдардағы кісі өлтіруді ашты

ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген Ұлан ауданы тұрғынының қайтыс болғанын анықтады.


2022 жылдың 16 тамызында жергілікті тұрғын Үлбі полиция бөлімінің кезекші бөліміне өзінің 47 жастағы әпкесі үйден шығып кетіп, қазіргі уақытка дейін оралмағаны туралы хабарлаған. Полицейлер оның Ұлан ауданында тұрып, жұмыс істегенін және үш баланың анасы екенін анықтаған.


Полицейлер аталған фактіні тіркеген және дереу жоғалған адамды іздеуге кіріскен.


Бес айдан артық уақыт бойы ШҚО полицейлері 47 жастағы жоғалған адамды үздіксіз іздестірді. Барлық полиция бөлімшелеріне жоғалған тұлғаның белгілерімен бағдарлар жолданды.


3 қаңтарда Ұлан АПБ-ға жеке үйдің ауласында жәбірленушінің атына берілген ішінде жеке куәлік бар әйел адамның сөмкесі табылғаны турлы жедел ақпарат келіп түскен. Полиция қызметкерлері келіп аймақты қарап тексеріп, қазу барысында зорлықпен өлтірілген іздестіруде жүрген әйел адамның мәйітін тапқан.


Жедел іздестіру іс шараларын өткізу барысында Ұлан ауданының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні ұстаған, ол мойындау көрсетпелерін берген.


Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған адамға қатысты сот күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу шаралары жүргізілуде.


                                                                                                                                ШҚО ПД баспасөз қызметі