Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда, нені білу керек?

Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда, нені білу керек?

                                                                           Жүргізуші куәлігінің мерзімі өтіп кеткен жағдайда, нені білу керек?

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде қайта емтихан тапсыру қарастырылмаған.

Қазақстан Республикасында жүргізуші куәлігі 10 жыл мерзімге беріледі. Көрсетілген мерзім өткеннен  кейін оны ауыстыру қажет.

Бұл ретте жүргізуші куәлігін алдын ала ауыстырған дұрыс екенін атап өткім келеді, өйткені Қазақстанда жарамсыз (мерзімі өткен) құжатпен автокөлікті жүргізу Әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.

Егер құжаттың қолданылу мерзімі аяқталған болса, ал сіз оған назар аудармай,  автомобиль рулінде жүре берсеңіз - сіз ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша 20 АЕК-61 мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылуыңыз мүмкін. Егер бір жыл ішінде бұзушылық қайта тіркелсе-айыппұл 30 АЕК-ті құрайды.

Қолданылу мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыруды Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық жүргізушілер, оның ішінде ел азаматтары да, тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктер де жүзеге асыра алады.

« Қолданылу мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) жүгіну немесе eGov.kz және Kaspi.kz сайттарында онлайн режимінде өтінім беру қажет. Жарамдылық мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде қайта емтихан тапсыру көзделмеген.

Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін айырбастауға өтініш берген кезде жеке куәлік, 1,25 АЕК көлемінде мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртек, 073-у нысанды медициналық анықтама сияқты құжаттардың ең аз пакеті қажет », - деді Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Еркін Әнуарбеков.

Жаңа жүргізуші куәлігін алу оңай және жылдам. Ең бастысы-жарамдылық мерзімін кешіктірмеу, қажетті құжаттарды жинау және уақытында жүргізуші куәлігін ауыстыруға өтініш беру.

                                                                                                                                     ШҚО ПД Баспасөз қызметі