
Техникалық байқау туралы не білуіңіз керек!
Құрметті автокөлік иелері! ШҚО Полиция департаменті Қазақстан Республикасының «Жол қозғалысы туралы» Заңына сәйкес міндетті жыл сайынғы техникалық байқаудан өтуден, автомашинаны есепке қою уақытына қарамастан, шығарылған сәтінен бастап 7 жылдан аспайтын B/M1 санатындағы жаңа коммерциялық емес жеңіл автомобильдер ғана босатылғанын хабарлайды. Көлік құралдарының барлық қалған санаттары және 7 жастан асқан B/M1 санатындағы автомобильдер жыл сайын техникалық тексеруден өтуі керек. Қоғамдық көлік (автобустар, шағын автобустар, таксилер) меншік нысанына және шығарылған жылына қарамастан жылына екі рет техникалық байқаудан өтуі тиіс. Автокөлік иесінің «тіркелген» жері бойынша техникалық байқаудан өту міндетті емес, өту бойынша құжатты Қазақстан Республикасының кез келген техникалық байқау орталығынан алуға болады.
Техникалық тексеруден өтпеген автомашинаны пайдалануға тыйым салынады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабына сәйкес бұл үшін 5 АЕК (2022 жылы 15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл көзделген. Сонымен қатар, 797-бап полиция қызметкеріне хаттама себебін жойғанға дейін, яғни техникалық тексеруден өткенге дейін мемлекеттік нөмірін шешуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта көлік құралдарын қолданыстағы техникалық тексерудің бар-жоғын тексеруді патрульдеу режимінде, патрульдік машинада отырып, қызметтік планшетті қолдана отырып, полиция қызметкерлері жүзеге асыратынын хабарлаймыз.
ШҚО ПД баспасөз қызметі