Жазадан құтылмақ болғанқос қылмыскер сәтсіздікке ұшырады

Жазадан құтылмақ болғанқос қылмыскер сәтсіздікке ұшырады

                                                 Жазадан құтылмақ болғанқос қылмыскер сәтсіздікке ұшырады

ШҚО полицейлері жазадан құтылуға тырысқан екі қылмыскерді ұстады.

11 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері облыс орталығының аумағында ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмысты жасағаны үшін Өскемен қалалық сотынан жасырынып жүрген 34 жастағы ер адамды қолға түсірді.

2019 жылғы қаңтар айының ортасында, қаскөй, көліктен құрал-саймандаржәне монтаж көбігі бар қорапты ұрлап, 180 000 теңге шамасында залал келтіргені анықталды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың сәуір айының соңында ШҚО ПД КПБ қызметкерлері Аягөз ауданының криминалдық полициясымен бірлесіп, 2017 жылдың қыркүйек айында республиканың оңтүстік астанасында скутер ұрлағаны үшін аудандық сотпен 5 жыл іздестіріліп жатқан Аягөз қаласының 30 жастағы тұрғынын құрықтады.

Құқық қорғау органдарының жедел әрекеттерінің нәтижесінде қылмыскерлер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

                                                                                        ШҚО ПД баспасөз қызметі