Шемонаиха ауданының ПБ қызметкерлері үйінен кетіп қалған 15 жасар қызды тапты

Шемонаиха ауданының ПБ қызметкерлері үйінен кетіп қалған 15 жасар қызды тапты

                                         Шемонаиха ауданының ПБ қызметкерлері үйінен кетіп қалған 15 жасар қызды тапты

 

13 мамырда Шемонаиха полиция бөлімінің кезекші бөлімі «102» арнасына Шемонаиха қаласының 39 жастағы тұрғыны жүгініп,  тәртіп сақшыларына оның 2006 жылы туған кәмелетке толмаған қызы ағымдағы жылдың 12 мамырында сағат 21.00-де үйден шығып, сол сәттен бастап байланысқа шықпағаны туралы хабарлады.

Оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Нұржан Түгелов бастаған жедел-тергеу тобы жедел жеткен.

Шемонаиха АПБ барлық жеке құрамы 15 жасар қызды іздеуге бағытталды. Бірнеше сағат бойы тәртіп сақшылары жасөспірімнің баруы мүмкін болатын жерлерін: көшелерді, Уба өзенінің жағасын, сондай-ақ кәмелетке толмаған баланың достарын аралап шықты.

Ұйымдастырылған жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қыз өзінің танысының үйінен табылған. Оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін белгілер анықталған жоқ. Кәмелетке толмағандардың жөніндегі инспекторлар кәмелетке толмаған жасөспіріммен және оның ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кәмелетке толмаған баланың анасы Шемонаиха ауданының ПБ-ның қызметкерлеріне оның баласын іздестіруде көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

 

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі