Салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады

Салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады

                                         Салық төлеуден жалтарған қазақстандыққа іздеу жариялады

 

3 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне Ресей Федерациясы Алтай өлкесі бойынша сот приставтарының федералдық қызметінен 5 000 рубль мөлшерінде жер салығын төлемегені үшін іздестіріліп жатқан 69 жастағы Қазақстан азаматына іздеу жариялау туралыхат түсті.

Көші-қон қызметінің қызметкерлері жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде салық төлемеген әйелді Павлодар қаласында тұрып жатқанын анықтап, мәліметтерді құзырлы органдарға хабарлаған.

ШҚО полицейлері жыл басынан бері осындай 60-қа жуық азаматты анықтаған.

Көші-қон қызметі атқарушылық құжатты орындамағаны үшін заңда әкімшілік (ҚР ӘҚБК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауапкершілік (ҚР ҚК-нің 139-бабы) көзделгенін ескертеді.

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі