Патриотизм – ұлттық рухтың жоғарғы көрінісі
Ауған соғысы аяқталып, тарих қойнауына енгенімен, адамдардың жадында мәңгілікке қалады, себебі қанша сарбаз қыршын болып, қанша ананың көзі жастан суалды.
Кеңес әскерін Ауғанстан жерінен шығару күніне арналған мереке қарсаңында сол бір сұрапыл соғысқа қатысқандарға құрмет көрсету мақсатында Полиция департаментінің қызметкерлері Прапорщиково кентіндегі Д.Қонаев атындағы орта мектебінің әкімшілігімен бірлесіп, «Жас сарбаз» әскери-спорттық жарысын өткізді, оған Ауған соғысының ардагері Вальсултанов Меирхан Ақтынұлының бастамасымен құрылған кадет сыныптарының оқушылары қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты жастарды әскери-патриоттыққа тәрбиелеу, болашақ Отан қорғаушылардың қолданбалы спорт түрлеріне қызығушылықтарын дамыту, жасөспірімдерді бір біріне көмек қолын созып, қолдау көрсетуге тәрбиелеу.
Мерекені ұйымдастыруға ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Р.Қ.Унарбеков, Кадр саясаты басқармасы, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, сондай-ақ ШҚО ПД аппаратының Ардагерлер кеңесі қатысты.
Жарыс саптық байқаумен басталып, әскери-спорттық эстафетамен аяқталды, онда кадет оқушылары жас ерекшеліктеріне қарамастан жауынгерлік іс-қимылдардың күрделі элементтерін орындады. Сондай-ақ командалар жарысқа түсуге тура келетін басқа да тапсырмалар болды.
Жарысқа қатысушылар жақсы денешынықтыру дайындығы мен әскери шеберліктен басқа нағыз жауынгерлерге тән мығым мінез-құлықпен қатар рух жігерлігін көрсетті.
Жарыс барынша қызықты әрі тартысты өтті.
Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға ШҚО Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері қоян-қолтық ұрыс тәсілдері бойынша өз шеберліктерін көрсетті. Болашақ Отан қорғаушылар арнайы бөлімше жауынгерлерінің көрсеткен шеберліктеріне тәнті болып, осы қызметке деген ерекше қызығушылықтарын білдірді.
Полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына жаңа спорттық жабдықтарын естелік ретінде сыйға тартты.
Турнир соңында ШҚО ПД бастығының орынбасары Ренат Унарбеков жарысқа қатысушыларға алғыс білдіріп, ерекше көзге түскен кадет оқушыларын марапаттады. Ол «Кадет сыныптарының идеологиясы көпұлтты қоғам жетістігінің негізі ретінде жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған, онда белсенді азаматтық ұстанымы бар, идеяға берік жас ұрпақ тәрбиеленіп жатқанына сенімдімін»,-деп сөзін аяқтады.