Бородулиха ауданының тұрғыны гаражында есірткі сақтаған

Бородулиха ауданының тұрғыны гаражында есірткі сақтаған

Бородулиха ауданының тұрғыны гаражында есірткі сақтаған

«Учаске» жедел-алдын алу шарасы барысында, гаражында есірткі заттарын заңсыз сақтаған 36 жастағы Бородулиха ауданының тұрғыны ұсталды.

Жедел-тергеу іс-шаралары кезінде Жезкент кентінің шетінде орналасқан гаражды тінту нәтижесінде есірткі заты тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат есірткі - жалпы салмағы 14 грамм кептірілген марихуана болып табылады.

Ер адам есірткіні жеке пайдалану үшін сақтағаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі