ШҚО-да «Марал» атқан браконьерлер ұсталды

ШҚО-да «Марал» атқан браконьерлер ұсталды

ШҚО-да «Марал» атқан браконьерлер ұсталды

Рейдтік іс-шаралар барысында Көкпекті ауданының табиғатты қорғау полициясы тобының қызметкерлері ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде «Толағай» тауына жақын жерде Көкпекті ауылының 31 жастағы тұрғынының басқаруымен «ВАЗ» автокөлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында салонда жабайы «Маралдың» еті анықталды. Көлік салонында еттен басқа 7,62 мм калибрлі «Вепр-308» карабині, 10 патроны бар магазин, 2 марал мүйізі, пышақ пен балта тәркіленді.

- Тексеру барысында 31 жастағы азамат досымен бірге оның қабан атуға рұқсаты болғандықтан, автокөлікке мініп Қалба жотасына жабайы қабан аулауға барғаны анықталды. Алайда жабайы қабан кездеспегендіктен олар келесі күні үйге қайтуға бел буған. Қайтар жолда оларға марал кездескен, маралды көрген олармаралдың соңынан еріп, оны атып алған. Оның өлгеніне көз жеткізгеннен кейін, көлікті марал жатқан жерге апарыпетіп бөліп, етті 9 қапқа салып, көліктің жүк бөлігіне тиеген. Алайда, үйге қатар жолда полицейредің қолына түскен, деді- ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі