ШҚО полицейлері автобустарды тексеруде

ШҚО полицейлері автобустарды тексеруде

ШҚО полицейлері автобустарды тексеруде

Шығыс Қазақстан облысында «Автобус» республикалық жедел профилактикалық іс- шарасы өтуде.

Жеті тәулік ішінде ЖПІШ-сы барысында тәртіп сақшылары 1045 - тен астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормаларын арттырғаны үшін-94, көлік құралын басқару кезінде телефонды немесе радиостанцияны пайдаланғаны үшін-183, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін-18. 180-нен астам қоғамдық көлік жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

330-ға жуық автобус жылыту жағдайына сәйкестігі тексерілді. Сондай-ақ, 11 жүргізуші өз маршруттарында еңбек және демалыс режимін бұзып жүргені анықталды.

Айта кетсек, «Автобус» жедел профилактикалық іс- шарасының мақсаты-жолаушылар көлігі жүргізушілері арасындағы құқық бұзушылықтарды анықтау ғана емес, сонымен қатар олардың қатысуымен жол-көлік оқиғаларына жол бермеуге бағытталған алдын алу болып табылады.

Мысалы, ағымдағы жылдың 04 қазанында республикалық «Автобус» операциясы аясында Өскемен қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «DАEWOO» маркалы көлік құралын тоқтатып, құжаттарды тексеру кезінде маршруттық автобустың 41 жастағы жүргізушісінің осы көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екенін анықтаған.

Бұдан әрі құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігіне (көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп-үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы ) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды. Автопаркке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 619-бабы (көлік құралдарын, сол сияқты тиiстi санаттағы көлік құралдарын басқару құқығы жоқ не одан айырылған жүргiзушiнi көлiк құралын басқаруға жiберу) және ҚР ӘҚБтК-нің 617-бабы 1-бөлігі (техникалық ақаулары бар көлiк құралдарын пайдалануға шығару және пайдалану қағидаларын өзге де бұзушылықтар) бойынша әкімшілік материал толтырылды. Автобус арнайы тұраққа қамалды.

Жедел профилактикалық іс-шара ағымдағы жылдың 13 қазанына дейін жалғасады.

                                                                                      ШҚО ПД баспасөз қызметі