ШҚО-да көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті
Ағымдағы жылдың 27 сәуірде түнгі уақытта Бородулиха ауданында «Бородулиха-Жезкент» тас жолымен қозғалып келе жатқан 30 жастағы көлік тізгіндеген жүргізуші жолдың жиегімен келе жатқан 40 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол көлік апаты нәтижесінде келтірілген дене жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.
Қазіргі уақытта бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Жол көлік оқиғаларының негізгі себептері автокөлік жүргізушілерінің транспортты басқарудағы төмен мәдениеті, жол қозғалысы қатысушыларының жылдамдықты асырып, жол қозғалысы ережелерін бұзуы, көлік жүргізу барысында ұялы телефон қолдану, қарсы бағыттағы автокөлік жолына шығып кету, маневр жасау ережелерін және қиылыстардан өту кезектілігін бұзу болып табылады. Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің жолдан өту қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуі де көптеген жол көлік оқиғаларының орын алуына әкеліп соғып жатыр.
Жол көлік оқиғаларының орын алуына жол бермеу және жақындардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ШҚО ПД әр азаматтан жолда мұқият болуды және жол көлік ережелерін бұзбауға кеңес береді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі