ШҚО-да 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды

ШҚО-да 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды

ШҚО-да 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған мас жүргізуші анықталды

22 сәуірде сағат 11:30 шамасында Глубокое ауданының Глубокое кентінде БПП қызметкерлері «ауырлығы орташа дәрежедегі» масаң күйде болған және осыған дейін 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Глубокое кентінің 43 жастағы тұрғынын ұстады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346 - бабының 1-бөлігі - Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазіргі уақытта жүргізуші ұсталды және оған «қамауда ұстау» шарасы қолданылды.

Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру көзделген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

2021 жылдың өткен кезеңінде Полиция департаментінің аумақтық бөлімшелерінде сотқа дейінгі іс жүргізу шеңберінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және мас күйінде болған адамның көлік құралын басқаруының 32 фактісі тіркелді, 24 факт бойынша айыптау үкімдері өткізілді.

ЖКО-ға жол бермеу және өмірі мен денсаулығын, жақындары мен туыстарын сақтау мақсатында ШҚО Полиция департаменті әрбір азаматқа жол жүру ережелерін сақтауды және алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде көлік құралдарын басқару руліне отырмауға кеңес береді.

                                                                                          ШҚО ПД баспасөз қызметі