ШҚО полицейлері Павлодарлық КАМАЗ жүргізушісіне көмек көрсетті

ШҚО полицейлері Павлодарлық КАМАЗ жүргізушісіне көмек көрсетті

ШҚО полицейлері Павлодарлық КАМАЗ жүргізушісіне көмек көрсетті

Ағымдағы жылдың 04 мамырында сағат 12:00 шамасында "Алматы - Өскемен" тас жолының 891 шақырымында қызмет атқару кезінде ШҚО ПД ППР инспекторы полиция аға лейтенанты Мұхамеджанов Бекзат пен полиция аға лейтенанты Жақсыбек Мейіржан жол жиегінде тұрған КамАЗ жүк көлігін байқаған.

 

Полициейлер автокөлікті тізгіндеп отырған 58 жастағы Павлодар қаласының тұрғынына көмек көрсету үшін тоқтаған. Ер адам жолда көлігінің тіркеме бүйірі сынып, доңғалақ жұптары босағанын айтқан.

 

Инспекторлар жүкті көтеру үшін кран техникасын шақыртып, жүргізушіге барлық қажетті көмек көрсеткен.

                                                                                           ШҚО ПД баспасөз қызметі