Курчатов қаласының тұрғыны Семейдегі жатақхананың терезелерін сындырды

Курчатов қаласының тұрғыны Семейдегі жатақхананың терезелерін сындырды

Курчатов қаласының тұрғыны Семейдегі жатақхананың терезелерін сындырды

Семей қ.ПБ Затон полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 66 жастағы күзетші жүгінді, ол түнгі уақытта жатақхананың жанынан өтіп кете жатып болған белгісіз ер адам еш себепсіз бұзақылық ниетпен балабақша мен жатақхананың терезелері мен жарықтандыру флакондарын кірпішпен сындырғанын хабарлады.

Патрульдік полиция батальоны Курчатов қаласының 52 жастағы тұрғынын ізін суытпай анықтап жеткізді.

Ұсталған ер адам криминалистік есепке қойылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 293-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                         ШҚО ПД баспасөз қызметі