Семей тұрғынына туысы жоқ құлынды сатты

Семей тұрғынына туысы жоқ құлынды сатты

Семей тұрғынына туысы жоқ құлынды сатты

Семей қ. ПБ Әуезов полиция бөлімінің «102» жедел арнасына 44 жастағы әйел хабарласып, оның туысы нарықтық құнынан төмен асыл тұқымды құлын сатып алу сылтауымен 190 000 теңге ақша қаражатын иемденгенін хабарлады.

-Жедел-іздестіру іс - шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері ізін суытпай 46 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, жеткізді, ол өз кінәсін мойындап, ақшалай қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

                                                                                       ШҚО ПД баспасөз қызметі