Түнгі қонақ: ШҚО тұрғынының телефонын ұрлап кетті
Наурыз айының басында Аягөз аудандық полиция бөліміне 33 жастағы әйелден хабарлама келіп түсті, ол түнгі уақытта оның пәтерінде бейтаныс азамат болғанын және зал бөлмесіндегі фортепианода жатқан бағалы смартфонын ұрлап кеткенін айтқан.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері кінәсін мойындаған 40 жастағы ер адамды жеткізді. Іс бойынша заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК –нің 188 – бабы 1 – бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі