«Таза Қазақстан» аясында ШҚО-да құқық бұзушылықтар анықталды

«Таза Қазақстан» аясында ШҚО-да құқық бұзушылықтар анықталды

«Таза Қазақстан» аясында ШҚО-да құқық бұзушылықтар анықталды

«Таза Қазақстан» жобасы аясында бейнебақылау камералары арқылы бірқатар құқық бұзушылықтар анықталып, полиция қызметкерлері тарапынан тиісті шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, бір жағдайда 1974 жылы туған ЗИЛ автокөлігінің жүргізушісі көлік қозғалысы кезінде жүктің дұрыс орналастырылып, тиісті түрде бекітілуін қамтамасыз етпеген. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ анықталған құқық бұзушылықтардың қатарында қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішу фактісі де бар. Құқық бұзушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Тағы бір жағдайда қоғамдық орынды ластаған азамат анықталды. Полиция оның жеке басын анықтап, 1989 жылы туған азаматтың темекі қалдығын жерге тастағанын белгіледі. Осыған байланысты оған ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Мұндай құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыс жалғасуда.

Аталған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі