
Қауіпсіз студенттік орта: ШҚТУ-да құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде оқу орнының кураторлар кеңесінің қатысуымен алғашқы отырыс өтті. Оған 60-қа жуық оқытушы мен ректорат өкілдері қатысты.
Кездесуде студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне баса назар аударылды. Қатысушылар қауіпсіз мінез-құлық ережелері, киберқауіпсіздік, жастардың құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуының алдын алу, сондай-ақ тәуекелдер анықталған жағдайда кураторлардың әрекеті жөнінде пікір алмасты.
ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Нұрай Арыстанбек цифрлық ортадағы өзекті қауіп-қатерлер және олардың алдын алу жолдары туралы айтып берді. Күдікті жағдайларды дер кезінде тану және көмекке қайда жүгіну керектігіне де ерекше назар аударылды.
Полиция капитаны студенттермен профилактикалық жұмысты уақытылы жүргізудің және қауіпсіз орта қалыптастырудағы кураторлардың рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, студенттер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен жұмыстың жоспарын.
ШҚО ПД баспасөз қызметі